Балқашта оқушы қызды өлтірген әнші жігіт 14 жылға бас бостандығынан айырылды

Балқашта оқушы қызды өлтірген әнші жігіт 14 жылға бас бостандығынан айырылды © Tengrinews.kz

Қарағандының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Балқаштың 21 жастағы әншісі Станислав Кимге қатысты процесс аяқталды, ол 14 жастағы оқушы қыз Виктория Шевкунованы өлтірді деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сот Станислав Кимді кісі өлтіру бойынша айыпты деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қатаң түрдегі колонияда өтейді, сонымен қатар, мүлкі тәркіленеді", - деп оқыды судья үкімді.

Жарнама
Жарнама


© Tengrinews.kz

Виктория Шевкунова 2014 жылдың 7 қарашасында қайтыс болды. Мектеп оқушысы Балқаш саябығының шет жағында жаралы күйінде табылған болатын. Кейін ол ауруханаға бара жатқанда қайтыс болған. Қыздың өліміне жергілікті танымал әнші Станислав Ким айыпталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама