Полицейлер Алматыдағы банк есепшоттарын бұзуға қатысты істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хакерлер ірі ұйымдардың банктегі есепшоттарын бұзып ашып, 300 млн теңгеге жуық қаражатты ұрлап кеткен болатын. Іс Алмалы аудандық сотына берілді. Процесс 19 қыркүйек күні судья Марал Жарылғасованың жетекшілігімен өтеді.

Еске сала кетейік, банк есепшоттарынан 300 млн теңгенің ұрланғаны 2014 жылдың 28 қаңтарында белгілі болған еді. Хакерлер пошталарға салық органы атынан вирусы бар хаттар жолдаған. Содан кейін зиянды бағдарламаның көмегімен парольдерді тартып алып отырған. Кейін арнайы дайындалған тұлғалар жалған құжаттармен банктен есепшот ашып, есепшотқа аударылған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып алады. Банктердің ақпараттық жүйесін бұзған алаяқтар ұсталды. Оларға қатысты "Алаяқтық", "Ұрлық", "Компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, ЭЕМ-ге арналған зиянды бағдарламаларды жасау, қолдану және тарату" сияқты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, оларға 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Шұғыл іздестіруші сақшылар Tengrinews.kz тілшісіне банк есепшоттарын бұзу схемасы төңірегінде айтып берген болатын. Олар банктердің бұл жағдайда тек моральдық жағынан ғана зардап шеккенін айтты. Полицияның мәліметінше, есепшоттарды тонаған қаскөйлерде жалған жеке куәлік әзірлейтін арнайы станок болған.