30 сәуір 2014 | 11:08

Банк қызметкері қомақты қаржының ұрлануына көмектескен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер екінші дәрежелі банк клиенттерінің бірінің есепшотынан заңсыз ақша ұрлаған алаяқтар тобының ісін әшкереледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полицейлер екінші дәрежелі банк клиенттерінің бірінің есепшотынан заңсыз ақша ұрлаған алаяқтар тобының ісін әшкереледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен ақпан айында банктердің бірінің клиенті есепшотынан 1 млн 108 мың 500 доллар көлеміндегі жинақ ақшасы заңсыз алынған. Ірі алаяқтық қылмысы қаржы ұйымында жетекші лауазымда болған қызметкерлердің бірінің көмегімен іске асырылыпты.

"Алаяқтық туралы ақпарат алғаннан кейін біз негізгі нұсқа ретінде банк қызметкерлеріне күдік келтірдік, өйткені тәжірибе бойынша банк операцияларына араласатын адам ғана клиент депозитіндегі ірі сомадағы қаражат туралы білуі мүмкін. Бұл алаяқтық схемасына бес адам қатысқан. Бастапқыда банктің бөлімше бастығы тиісті адам тауып берген өзінің танысын қылмыстық әрекетті іске асыруға араластырған. Әлгі адам уәделі уақытта банк бөлімшесіне келіп, жалған сенімхат бойынша есепшоттағы миллион доллардан астам ақшаны алған", - дейді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин. 

Фигурант күдік келтірмеуі үшін алаяқтар оның сыртқы келбетін жақсартқан: жаңа киім сатып алып беріп, әсемдік салонына да апарған. Полицияның мәліметінше, қылмыстың екінші қатысушысы - ұйымдастырушының жас құрбысы депозиттегі ақшаны алу кезінде үшін есепшот иесінің ұялы телефоны өшірілген болуы үшін қолдан келгенін жасаған. Сөйтіп, бұл сәтте банк қызметкерлері нағыз салымшыға хабарласа алмай, сенімхаттың растығына көз жеткізе алмайды. 

Қылмыс туралы ресми арыз түскен Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының мамандары алаяқтыққа тағы екі адамның қатысы барын анықтады. "Оның бірі - есепшоттан қаржы алған Павлодар тұрғыны. Қылмысты жасағаннан кейін ол ұйымдастырушыдан тиісті үлесін алып, өз қаласына кетіп қалған. Ал екінші фигурант - павлодарлықты белгіленген жерге жеткізуге жауапты болған алматылық", - дейді полицейлер.

Күдіктілердің бәрінің ісі әшкереленді, қазір олар қомақты ақша ұрлығы бойынша жауап беріп жатыр. Бірінші кезекте банк бөлімшесінің бұрынғы бастығы мен оның танысы тұтқынға алынды. Қаржы мекемесінің қызметкері қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше күннен соң жұмыстан шығып кеткен және қылмыстық жолмен тапқан табысына пәтер сатып алып та үлгерген.

Қылмыстық топтың басқа мүшелері қымбат көліктер сатып алыпты. "Барлық заттай айғақтар қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес біртіндеп тәркіленеді де, қылмыстық іс материалдарына қосылады", - дейді полиция өкілдері. Қылмыстық іс тергеліп болған соң сотқа жіберіледі.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети