Bank RBK-дағы жымқыру ісі: Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bank RBK-дағы жымқыру ісі: Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдеді Жомарт Ертаев

Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апелляция алқасы қаулысына сәйкес Ертаев енді түрмеде 11 жыл емес тоғыз жыл отыруы тиіс. Сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалады.

Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге де үкім шықты. Сегіз жылға бас бостандығынан айыру түрінде бұрын тағайындалған жаза жеті жылға дейін төмендетілген.

Ал Bank RBK басқармасының экс-төрағасы, бұрын сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Игорь Мажиновты жеті жылға соттап, мүлкін тәркілеген.

"Оған қатысты бас бостандығын шектеудің барлық белгіленген мерзіміне пробациялық бақылау белгіленсін және оған сотталған адамның мінез-құлқын бақылайтын уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етпестен, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс орнын ауыстырмау міндеті жүктелсін", - делінген сот қаулысында.

Олардан басқа 18 сотталушыға қатысты соңғы үкім өзгертілген. Олар: Едігенев, Батырбаев, Игильман, Садықов, Барменбеков, Абдраимова, Жақубаева, Тойшиев, Мамырбеков, Ибраева, Мәмбетжанова, Мәмбетов, Шәріпов, Дәулетбекова, Агапов, Құсайынов, Бектаев және Пак. Олардың бәріне нақты бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрге алмастырылып, қамаудан босатылған.

Еске салайық, бұған дейін соттың бірінші сатысында Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрланғаны дәлелденген болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети