Түркістан облысының полицейлері депозит ақшасын жымқырған банк қызметкерлерлінің қылмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкіліне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері депозит ақшасын жымқырған банк қызметкерлерлінің қылмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкіліне сілтеме жасап.
"2017 жылдың тамыз айында Тергеу басқармасы жетекші банктердің бірінің Мақтаарал филиалы қызметкерлері Үкібаев А., Сауранбаев Т., Әлтенов С., Қалибаева Б және Ш.Айтурееваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу", "Жалған құжаттарды дайындау немесе өткiзу") сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тергеушілер аудиторлық тексеріс, бірнеше сараптама, сонымен қатар сот-экономикалық және тағы да басқа тергеу шараларын жүргізді. Полицейлер банктің бес қызметкерінің қылмысын толықтай дәлелдеген.
"Олар алдын ала келісіп, ақша жымқыру туралы қылмыстық жоспарын құрған. Үш жыл бойы салымшылардың қолдарын жасанды түрде қойып, ақша жымқырған. Нәтижесінде олар 120 000 000 теңге аясында жаратқан. 2018 жылдың басында облыстың ішкі істер департаментінің тергеушілері айыптау актісі бар көптомдық қылмыстық істі сотқа жолдады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Түркістан облысының Мақтаарал соты қылмыстық іске қатысы бар барлық бес адамды әр түрлі жылға бас бостандығынан айырды, нақтыласақ: Әжібек Үкібаев пен Талғат Сауранбаевты 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сәкен Әлтенов, Бақытгүл Қалыбаева және Айшолпан Айтуреева шартты жаза алды.