Барох Питер 10 маусым күні сотта жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барох Питер 10 маусым күні сотта жауап береді Барох Питер. ©Uralskweek.kz/Рауль Упоров

Оралда кәмелетке толмағандарды азғындыққа салды деген күдікпен ұсталған ағылшын азаматы Барох Питер 10 маусым күні сот алдына келеді, - деп хабарлайды "Мой город"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда кәмелетке толмағандарды азғындыққа салды деген күдікпен ұсталған ағылшын азаматы Барох Питер 10 маусым күні сот алдына келеді, - деп хабарлайды "Мой город"

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдерінің хабарлауынша, Барох Питердің ісін ювеналды сот төрағасы Фарид Құрманов қарайды. Еске салайық, күдікті 14 қаңтар күні "Шағала" қонақүйінде ұсталған болатын. Оның нөмірінен Орал және Атырау мектептерінде оқитын жасөспірім қыздардың фотосуреттері сақталған ноутбук пен есте сақтау карталары табылды. Оған "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды әзірлеу және айналымға енгізу" және "Кәмелетке толмағандарды бірнеше мәрте азғындыққа салу" баптары бойынша айып тағылды.

Прокуратураның мәліметінше, Барох Питер "Вконтакте" әлеуметтік желісіне Патрик Браун деген атпен тіркеліп, жасөспірім қыздармен танысқан. Қыздарды фотографпын деп алдап, оларды сән бизнесінде танымал қылуға уәде берген. Қонақүйде мектеп оқушыларын жалаңаш күйде суретке түсіруге көндіріп, барлығы 2000-ға жуық фотосурет әзірлеген. 

Прокуратураға күдіктінің ата-анасы хабарласып, Питерді бостандығынан айырмауды сұрады. Олар айыпталушының екі кішкентай баласы бар екенін алға тартып отыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети