Оңтүстік Қазақстанда "Сарыағаш" облыстық балалар шипажайының бас есепшісі мекеменің 15 миллион теңгеге жуық қаражатын заңсыз иемденіп, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюджет қаражатын жымқыру дерегі Сарыағаш ауданы прокуратурасының "Сарыағаш" облыстық балалар шипажайы" МКҚК-дегі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарының сақталуын тексеруі барысында анықталды. Кәсіпорынның бас есепшісі өзінің банктегі есепшотына мекеменің 14 990 560 теңге көлеміндегі қаражатын аударып, иемденген, сөйтіп, мемлекетке аса ірі көлемде материалдық шығын келтірді.
"Аудан прокуратурасы бұл дерек бойынша оған қатысты ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігімен, яғни өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемденгені және талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті тергеп жатыр", - делінген хабарламада.