ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуір 2023 | 12:16
Бас прокуратура генерал Күдебаевтың ұсталуына қатысты мән-жайды айтты
Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы, генерал Серік Күдебаевтың ұсталуының мән-жайын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы, генерал Серік Күдебаевтың ұсталуының мән-жайын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдебаев ұсталғанын Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.
"Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы С.М. Күдебаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2022 жылғы қаңтарда болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды. Сот талқылауы кезінде Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды", - делінген хабарламада.
Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді - бас прокурор
Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также