27 сәуір 2023 10:50

Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді - бас прокурор

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. ҚХА сессиясы кулуарларында журналистер бас прокурор Берік Асыловтан Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты сұрады.

"Иә", - деп қысқа жауап берді Берік Асылов

Күдебаев қай елден жеткізілді деген сұраққа бас прокурор "Түркиядан", - деп жауап берді.

Еске салайық, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Ол 23 наурызда мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, сол күні Бішкектегі "Манас" әуежайынан Ыстамбұлға ұшқан.

Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы шекарадан өтпегенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети