ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері Астанада мектеп мұғалімі Светлана Сәдуовані өртеп жіберу туралы атышулы іске қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері Астанада мектеп мұғалімі Светлана Сәдуовані өртеп жіберу туралы атышулы іске қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, 28 қазанда Астанада Қанат Сәдуов бұрынғы әйелін өлтіргені үшін сотталған болатын. Сол күні қаза тапқан әйелдің баласы Талғат Сәдуов құқық қорғау органдарынан өз ағасы Марат Сәдуовті жазалауын талап еткен еді. Оның айтуынша, ағасы Қанат Сәдуовті жасырып ұстап келгені үшін жазалануы тиіс.
"Марат Сәдуовтің әрекеті ҚР ҚК 432-бабында ("Қылмысты жасыру") қарастырылған белгілерге сәйкес келеді. Алайда осы баптың ескертпесіне сәйкес, жақын туысы жасаған жағдайда қылмысты алдын ала уәде бойынша жасырса тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Марат Сәдуов айыпты Қанат Сәдуовтің туған бауыры болғандықтан, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, осыған дейін Светлана Сәдуованың баласы БАҚ беттерінде бірнеше мәрте "Қанат Сәдуов туыстарының үйінде жасырынып жүр" деп мәлімдеген болатын.
Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 26 мамырда болған еді. Елордадағы №25 мектептің ауласында Светлана Сәдуованы белгісіз ер адам өртеп жіберді деген хабар тарады. Кейін бұл іске оның бұрынғы күйеуінің қатысы бар делінді. Осыдан кейін полиция Сәдуовті төрт ай бойы іздеді. Алған жарақатынан Светлана Сәдуова ауруханада болған төртінші күні қайтыс болды.
Елорда соты қаза болған әйелдің бұрынғы күйеуін ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5 пунктінде ("Кісі өлтіру") қарастырылған қылмысты жасады деп тауып, оны қатаң режимдегі колонияға 18 жылға бас бостандығынан айырды. Қанат Сәдуов өз кінәсін мойындаған жоқ.