14 қараша 2017 | 17:52

Бас прокуратура судьяны өлтірген қылмыскердің неліктен өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Думан Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында Ақмола облысында судья Жанна Бердіқұлованы өлтірген қылмыскер Медет Әбдірахмановтың неліктен өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Думан Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында Ақмола облысында судья Жанна Бердіқұлованы өлтірген қылмыскер Медет Әбдірахмановтың неліктен өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медет Әбдірахмановтың осыған дейін бірнеше сұмдық қылмыс жасағаны айтылған болатын.

2001 жылы Көкшетауда қарақшылық жасағаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 178-бабының 2-бөлігі - 1997 жылғы 11 шілдедегі редакцияда )шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айырылған.

2003 жылы Көкшетауда зорлық жасап (ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігі, 121-бабының 1-бөлігі - 1997 жылғы 11 шілдедегі редакцияда) , 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. 2005 жылы мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

2006 жылы Көкшетау тұрғынына 30 рет пышақ жарақатын салып, өлтірген. Сондай-ақ, алаяқтық пен қарақшылық (ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-бөлігі, 178-бабының 2-бөлігі - 1997 жылғы 11 шілдедегі редакцияда )жасаған.

Осылайша, ол жалпы есеппен 14 жыл бас бостандығынан айырылған. Бірақ 10 жылдан соң мерзімінен бұрын босап шыққан. 

Сондай-ақ, 2016 жылы зорлық жасаған. 

"Әбдірахманов судьяның өліміне қатысты істе өз кінәсін мойындамады. Сотта мемлекеттік айыптаушы оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Бердіқұлова Жанна Қайратқызының отбасына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтамыз!", - деп жазды ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Думан Қожахметов.

Еске сала кетейік, 46 жастағы Жанна Бердіқұлова биыл 14 маусымда өлі табылған еді. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталған болатын.

Ал кейінірек сот төрайымын өлтірді деген күдікті қылмысын мойындады. Ақмола облыстық ІІД өкілдері кезекші бөлімге 1971 жылғы әйелдің мәйіті өз үйінің жуыну бөлмесінен табылғаны жайлы хабар түскен. Сараптама қорытындысы бойынша, оны қылғындырып өлтірген. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети