Басын кесіп алған: апелляциялық сот атышулы кісі өлтіру оқиғасына қатысты шешім шығарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басын кесіп алған: апелляциялық сот атышулы кісі өлтіру оқиғасына қатысты шешім шығарды Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда әйелді жауыздықпен өлтіргені үшін сотталған ер адам апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әйелді жауыздықпен өлтіргені үшін сотталған ер адам апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Алматы қалалық сотында осы іс бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Сотталушы соттан өзін кінәсіз деп тауып, ақтауды сұрады.

Алайда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Сот алқасы қаулы етті: И-ге қатысты Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім өзгеріссіз қалдырылды, сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Қаулы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді және бір жыл ішінде кассациялық сатыға шағым жасай алады", - деп төрағалық етуші судья Жанат Жайлаубай үкімді оқыды.

Апелляциялық саты сотталған И-ге қатысты мамандандырылған қылмыстық соттың үкімі негізді деген қорытындыға келді, сот барысында заңбұзушылықтарға жол берілмеді.

видео кадрыАлматыда әйелдің басын кесіп, сөмкеге салып, базарға тастап кеткен күдіктінің қамауға алу мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты соталды тергеп-тексеру органының талабы бойынша күдікті И.-ді қамауға алу мерзімін екі айға, 3 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция берді.

Еске сала кетейік, биыл 12 сәуірде Алматыдағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам әйелдің басын сөмкеге салып, базар маңына тастап кеткен болатын. Оқиға Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарында болған. Полицейлер мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесінің бойындағы саябақтан табылған.

24 сәуірде полицейлер осы қылмысқа күдікпен 1962 жылы туған ер адамды ұстағаны белгілі болды. Күдіктінің жәбірленушіні бірнеше күннен бері танитыны және қылмыс жанжал кезінде жасалғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети