"Басынан кірпішпен ұрған". Ақтөбелік күзетші тұрғынды сабап, ақшасын алып кеткен

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Басынан кірпішпен ұрған". Ақтөбелік күзетші тұрғынды сабап, ақшасын алып кеткен

Ақтөбелік күзетші тұрғынды сабап, ақшасын алып кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік күзетші тұрғынды сабап, ақшасын алып кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Басылым мәліметінше, Ақтөбе тұрғыны вокзал маңындағы дәмханада қызбен танысып, оған ломбардтағы ұялы телефон алуға көмектескен. Кейін жаңа танысымен оңаша қалуды ойлап, пәтер жалдаған. Жалдамалы пәтерге бара жатқан жолда оған шабуыл жасап, басынан кірпішпен бірнеше рет ұрып, 500 мың теңге салынған сөмкесін алып кеткен. Соққыдан ер адам есін жоғалтып, бассүйек-ми жарақатын алған.

"Тонау жасады деген күдікпен лотерея клубының 30 жастағы күзетшісі ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол ақшасы бар ер адамның ізіне түсіп, артынан жақындап келіп, басынан кірпішпен ұрып ақшасын алып кеткен", - делінген хабарламада.

Полиция соталды тергеу кезінде жәбірленуші фотосуреттен шабуылдаушының кім екенін танып, анықтағанын, алайда сотта құлап, есінен танып қалғандықтан оны кім ұрғанын көрмегенін, сотта отырған адамның оған еш қатысы жоғын мәлімдегенін айтты.

"Сотта күзетшінің мас күйде өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаудағы кінәсі куәгердің айғақтарымен дәлелденген. Қарақшылық жасағаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айыруды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети