16 мамыр 2014 | 20:09

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының бойындағы жерлерді қымбатқа сатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©europe-china.kz ©europe-china.kz

Алматы облыстық прокуратурасы 2012-2013 жылдар аралығындағы мемлекеттік қажеттілік үшін жұмсалып жатқан жер телімдеріне байланысты тапсырыстың орындалуына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында Алматы облысы бойынша жүргізілген "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының бойындағы жер телімдерін қымбатқа сатып алғаны анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Иконка комментария блок соц сети

Бюджеттің игерілмеген қаражаты екі миллиард теңгеден асқан. Осылайша "Жаркент крахмалды-сірнелік зауыты" ЖШС "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомагистралі құрылысы жолындағы 13,3 гектар жердің иесі болып шықты. Бұл жер телімін Панфилов ауданының әкімдігі қымбат бағаға – яғни 12 миллион теңгеге сатып алған. Кінәлі лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот шешімі бойынша заңсыз төленген өтемақы толығымен қайтарылды.

Осыған ұқсас жемқорлық фактілері Қарасай, Іле және Талғар ауданарында да анықталды. Талғар, Іле және Қарасай аудандарындағы жерге қатысты қаржылық заңсыздықтарға қатысы бар деп танылған лауазымды тұлғалардың үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, тексеріс әлі аяқталған жоқ.

Облыс прокуратурасы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автөлік жолының құрылысына тура келетін жер телімдерін сату келісімінен бас тарту жөніндегі 100-ге жуық және мемлекет табысына қайтарылатын екі миллиардтан астам теңгені алу жөнінде үкім шығарды. 

"Заң тікелей мынаны көрсетеді, егер жер телімі азаматтық-құқықтық келісімшарттың құралына айналса, оның бағасы нарықтағы бағадан жоғары емес, осы келісімшарт бойынша шығарылады. Заң талаптарына қарсы келе отырып, лауазымды тұғалар мемлекеттің қажеттіліктерін ескермей, жеке және заңды тұлғаларға арнайы өтемақыны көтеріп отырған" - делінген Прокуратураның кеңейтілген хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети