Батыс Қазақстан облысында алты жасар қызды зорлады деген күдікті Жәнібек ауданында ұсталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.
Батыс Қазақстан облысында алты жасар қызды зорлады деген күдікті Жәнібек ауданында ұсталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.
"Осы дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу жұмыстарының нәтижесінде аса қылмыс жасады делінген күдікті ұсталды. Ол Жәнібек ауданында қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдіктінің кінәсін дәлелдеу үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО ІІД басшысының бірінші орынбасары Мәдиев.
Айта кетейік, осыған дейін 26 қазанда Жәнібек ауданындағы ауылдардың бірінде алты жасар қыздың зорланғаны хабарланған болатын.