27 наурыз 2014 | 19:17

Батыс Қазақстанда асыраушы әке тәрбиеленуші қызын зорлағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бейсенбі күні Чиров ауылының тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бейсенбі күні Чиров ауылының тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Ауыл тұрғыны 14 жасар қызды зорлағаны үшін айыпты деп танылды. Ол жасөспірім қызды осыдан екі жыл бұрын азаматтық некедегі әйелімен бірге балалар үйінен патронаттық тәрбие беру үшін алған, - деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлаған.

Мұғалім болып қызмет ететін патронат ана сотқа жасөспірім қызды оқушылардың жетіспеуіне байланысты мектеп жабылып қалмас үшін асырап алғанын түсіндірді.

2013 жылы жасөспірім қыз Оралдағы колледжге оқуға түскен және патронат ата-аналарға тиесілі пәтерде тұрған. Қалаға мас күйінде келген асыраушы әкесі оны күштеп жәбірлеймін деп қорқыту арқылы зорлаған, - дейді облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Зорлықшыл әке өзінің жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети