Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында болған атыстан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Мой город".
Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында болған атыстан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Мой город".
Басылымның мәліметінше, оқиға 9 желтоқсан күні кешке "Ақжол" дәмханасының жанында болған. Белгісіз біреулер жігіттерге оқ атты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан алты адам түрлі жарақат алды.
"Зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек көрсетілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, үшеуіне операция жасалды және тағы біреуінің жарақаты таңылғаннан кейін ол үйіне жіберілді, әрі қарай емханада емделеді", - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматова.
Айта кетейік, полиция осы атысты ұйымдастырды деген күдікпен екі жігітті іздестіріп жатыр. Олар Ақсай қаласының 25 жастағы және Бөрлі ауданының 21 жастағы тұрғыны. Тергеудің тұжырымы бойынша, күдікті екеу атысты ұйымдастырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерекке қатысты "Бұзақылық" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.