Батыс Қазақстан облысында екі сәбидің өліміне себепкер болған тәуіпке жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында екі сәбидің өліміне себепкер болған тәуіпке жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, Орал қаласының 1934 жылғы тұрғыны медициналық білімі туралы ешқандай лицензиясыз қала аумағында дәстүрлі емес медициналық емдеу істерімен айналысқан. Оның жүргізген емі 2014 және 2015 жылғы екі сәбидің өліміне әкелді.
Орал қалалық сотының шешімімен "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен осы қызмет түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның айналысуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот әйелдің жас шамасы мен жәбірленушлердің пікірлерін ескере отырып шешім шығарды.
Еске сала кетейік, 2014 жылы туылған сәби облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол "жоғары температураның әсері, сасыршөппен 7,5 сағат орап тастаудың салдарынан ісіну, энцефалопатия, үшінші дәрежелі есін жоғалту" диагноздарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді. Сәбиді құтқарып қалу мүмкін болмады.
Осы жылдың наурызында тағы бір сәби қайтыс болды. Бұл жолы тәуіп Нина 2015 жылы туылған кішкентай сәбидің ішін лейкопластырьмен орап тастаған.