Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде педофил жеті жасар қыз баланы зорлап кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя" құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде педофил жеті жасар қыз баланы зорлап кетті, - деп хабарлайды "Уральская неделя" құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Төтенше оқиға бір апта бұрын Сырым ауданында болды. "Төтенше оқиға күні 55 жастағы ер адам ауылда мас болып жүріп, танысының үйіне келген. Үйде ересек адамдар болмаған, кәмелетке толмаған балалар теледидар қарап отырған", - дейді полициядағы ақпарат көзі. Педофил бір бөлмеде жалғыз отырған 7 жастағы қыз балаға тиіскен, кейін жедел жәрдем дәрігерлері оны ауруханаға жеткізді.
Күдіктіге "Кәмелетке толмағандарды зорлау" бабы бойынша айып тағылды. Соттың санкциясымен ер адам тергеу изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында Ақтауда педофил алты жасар оқушыны зорламақ болған еді. Полицейлердің хабарлауынша, ер адам мектептен келе жатқан қыз баланы аңдыған, онымен бірге 12-ықшамаудандағы көпқабатты үйдің подъезіне кіреді. "Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны шешіндірмек болған кезде ол айқайлап жіберген. Сол кезде ер адам шошып кетеді. Бала зорланған жоқ", - дейді ІІД өкілдері. Қыз бала педофилдің түр-әлпеті қандай екенін айтып берді, қазір полиция оны іздестіріп жатыр.