Батыс Қазақстан облысында көші-қон туралы заңнаманы бұзған 255 шетел азаматы жазаға тартылды, - деп хабарлайды МойГород облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында көші-қон туралы заңнаманы бұзған 255 шетел азаматы жазаға тартылды, - деп хабарлайды МойГород облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, полиция облыс аумағында тұрып жатқан шетелдік азаматтардың мекенжайларын, сонымен қатар шетелдік азаматтар тартылған кәсіпорындар мен шетел азаматтары білім алатын мекемелерді анықтаған.
"Жүргізілген шара нәтижесінде ҚР көші-қон заңнамасының бұзылуының 300 дерегі анықталды. Шетел азаматтарының Қазақстанда болу ережесін бұзғандары үшін 255 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматтарының елімізде болу тәртібін бақыламағаны үшін қазақстандық 41 азамат жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтардың жұмыс күшін пайдалану ережесін бұзған төрт жұмыс беруші компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ІІД. Полицейлердің мәліметінше, осы уақыт аралығында тұрғылықты жері және құжаттары жоқ 12 адам анықталған.