13 шілде 2015 | 17:10

Батыс Қазақстанда ірі компанияның қызметкері зорламақшы болды деп директорды айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rb.ru © rb.ru

Батыс Қазақстан облысында ірі компания филалының қызметкері директор жұмыс орнында зорламақшы болды деп айыптады, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Компания өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсетеді.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында ірі компания филалының қызметкері директор жұмыс орнында зорламақшы болды деп айыптады, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Компания өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсетеді.

Ауруханада мидың шайқалуымен және қанды ісіктермен жатқан әйелдің айтуынша, оқиға 10 шілдеде болған. Оның сөзіне қарағанда, директор кешке хабарласып, одан жұмысқа келуін өтінген. Зардап шегушінің айтуынша, басшысы еңбек демалысында болған, бірақ сол күні фуршет өтіпті.

"Мен келдім де, бірінші қабатқа сөмкемді қалдырып, әріптестеріме бастықтың шақырғанын айттым және кабинетіне көтерілдім. Біз әңгімелесіп, соңынан шай іштік. Мен келістім, себебі басшының қолын қайтару ыңғайсыз болды. Біз оның кабинетіндегі демалатын бөлмеге бардық, шайды сол жерде іштік. Есік ашық тұрды. Күтпеген жерден ол есікті жауып, бекітіп, жарықты сөндіріп тастады. Мен одан қаша жөнелдім, ал ол менің артымнан қуды. Соңынан қорықпа, мен сені жіберемін деді. Мен "Шынымен жібересіз бе?", - деп сұрадым, ол жіберемін деді. Мен тоқтадым, ал ол менің үстіме секіріп, қысып, сүйе бастады", - дейді қызметкер.

Осыдан кейін, әйелдің сөзіне қарағанда, ол айқайлай бастаған. "Ол мені жіберді, бірақ жұдырығымен басымнан, бетімнен ұрып, жұмысшылардың алдында мені масқаралайсың деді. Мен бетімді жабуға тырыстым, жібер деп жалындым. Ол мені есіктің жанындағы креслоға итеріп, айқайлама, сені қалаймын деп және тағы да бірнәрселерді айта бастады. Сол сәтті пайдаланып мен бекіткішті ашып, кабинеттен жалаң аяқ жүгіріп шықтым. Бірінші қабаттағы өз кабинетіме жүгіріп кіріп, жылай бастадым. Оны менің әріптестерім көрді. Алайда олар менің сөзімді растай ма, жоқ па білмеймін. Жұмыссыз қалмау үшін ешкім дауласқысы келмейді", - деді зардап шегуші.

Әйелдің айтуынша, мұндай әрекет директор тарапынан бірінші рет жасалып тұрған жоқ, ол бұған дейін бірнеше рет саунаға барып, номер жалдауды ұсынған, бірақ ол бас тартқандықтан сыйақыдан қағылыпты. "Ол маған ғана тиіскен жоқ. Бірақ біз әрдайым қалжыңдасатынбыз, ол директор ғой. Ешкімнің жұмыссыз қалғысы келмейді, бізге жақсы ақша төленеді. Бірақ бұл соңғы тамшы болды. Маған қалай ұят екенін білсеңіз ғой, бойжеткен қызым бар. Ұяламын. Мен ешқашан өзіме біреуді жақындатып, қысқа белдемше немесе ашық киім киген емеспін. Өзімді ашық-шашық ұстамайтынмын, әрдайым жабық костюм мен блузкалар киемін", - дейді әйел.

Ол 10 шілде күні Абай аудандық полиция бөліміне зорлау әрекеті туралы арыз түсірді. Сол күні ол болған жағдайды компанияның Астанадағы бас кеңсесіне хабарлады. Компания кеңсесіндегілер "Мой город" порталының тілшілеріне директордың еңбек демалысында екенін және қанда қанттың көбеюіне байланысты ауруханада жатқанын хабарлады. Ұялы телефонына жауап бермейді.

Полициядағылар зорлау туралы арыздың келіп түскенін растады. Алайда баспасөз қызметіндегілер түсінік беруден бас тартты.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети