Батыс Қазақстан облысында апалы-сіңлілі екі кішкентай қыз зорланған

Батыс Қазақстан облысында апалы-сіңлілі екі кішкентай қыз зорланған Иллюстрациялық фото pexels.com сайтынан

Батыс Қазақстан облысында апалы-сіңлілі 4 және 5 жасар екі қыз зорланған, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында апалы-сіңлілі 4 және 5 жасар екі қыз зорланған, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Күдікті ретінде Жаңа Өмір ауылында (бұрынғы Шаған совхозы) жәбірленушілермен көрші тұрған жас жігіт ұсталды. 

Оқиға туралы 7 тамызда белгілі болған. Бұл жайында жәбірленушілердің бірі полицияда жұмыс істейтін әкесіне айтқан. Жаңа Өмір ауылы тұрғынының сөзінше, жәбірленушінің бірі Орал қаласында тұрады. Алайда оқиға болған күні ол туыстарына қонақтап келген екен. 

Теректі полиция бөлімшесі күдіктінің уақытша тергеу изоляторында отырғанын растады.

"Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды. Сот шешімі шыққанша уақытша тергеу изоляторында болады", - деді полиция бөлімшесінің кезекшісі.

Ұсталған адамның жақында әскерден келгені белгілі болды. Ол әскерге кетпес бұрын төбелеске қатысқаны үшін бірнеше рет полицияда болған. Тергеу іс-шараларын өткізгенге дейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

9 тамызда сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы жайлы шешім шығаруы керек. Қыз балалар қазір ауруханада. Олардың жағдайы әзірше белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети