Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі прокуратураға берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Баян Есентаева. © Tengrinews.kz Баян Есентаева. © Tengrinews.kz

Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі прокуратураға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің ресми сауалға берілген жауабында айтылады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі прокуратураға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің ресми сауалға берілген жауабында айтылады. 

"Адам өлтіруге оқталды деген күдікке ілінген Бақытбек Есентаев қамауда отыр. Қылмыстық істің материалдары зерттеу үшін және кейін сотқа жіберілуі үшін Алматы облысының прокуратурасына жолданды", - делінген жауапта. Сонымен қатар, ІІД өкілдері Есентаеваны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде тарату дерегі бойынша тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады. "Осы дерек бойынша жазаны сот анықтайды", - деді полициядағылар. 

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro