13 маусым 2016 11:40

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bolshoyvopros.ru © bolshoyvopros.ru

Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты іс кісі өлтіруге оқталу бойынша тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты іс кісі өлтіруге оқталу бойынша тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Талғар ауданында ұсталған Бақытбек Есентаевқа "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды.

"Сотқа дейінгі тергеу Талғар аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлерінің өндірісінде. Қазіргі уақытта күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі  24-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" бабы бойынша айып тағылды. Осы іс бойынша тергеу ІІД Тергеу басқармасының бақылауында", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ оны үш тәулікке қамады, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети