Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайтын болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бақытбек Есентаев қыздарымен бірге. © Instagram Бақытбек Есентаев қыздарымен бірге. © Instagram

Қаскелендегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Баян Есентаеваның қызы Айсәуле де келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаскелендегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Баян Есентаеваның қызы Айсәуле де келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Бүгін Қаскелендегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. 

Алдын ала сот отырысы бір сағат бұрын болды. Екі тарап та сот залынан шықты, алайда Баян Есентаеваның өкілдері жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты. Айта кетейік, басты сот отырысы 28 қыркүйекте болады.

Сотталушының адвокаты Бекболат Жексеитовтың айтуынша, Есентаевтардың қызы сотта әкесін қорғаушы ретінде қатысып отыр.

"Есентаевтардың қызы сотта әкесін қорғаушы ретінде қатысып отыр (...) Ол әкесінің құқығын қорғайды", - деді адвокат. Іске қатысты басқа деректерді әзірше айтпады.

Осыған дейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берген болатын. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro