"Байкен-U" сатып алу бөлімінің бастығы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Байкен-U" сатып алу бөлімінің бастығы ұсталды Көрнекі сурет: orinfo.ru

Қызылорда облысында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, 2,2 миллион теңге пара алғаны үшін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталған.

"Көрсетілген лауазымды тұлға орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін және қызметтер көрсету шарты бойынша ақшалай қаражат алған", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Тергеу жалғасып жатыр.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші саналады. Экспорт пен импорт бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы мәртебесіне ие. "Қазатомөнеркәсіп" Қазақстан аумағында ғана уран өндіреді және уран қорының ең ірі базасына ие.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети