Байқоңыр ауруханасының бас дәрігері қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байқоңыр ауруханасының бас дәрігері қаржы жымқырды деген күдікке ілінді Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кешен прокуратурасы мәліметінше, Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 160-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша "Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы" МКК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғауды заңды деп тапқан ("Өзінің қызметтік жағдайын қолдана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену, яғни ұрлау").

"Байқоңыр" кешені прокуратурасының тергеуімен 2020 жылдың желтоқсанында Байқоңыр қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, өзіне сыйлықақы төлемдерін заңсыз жазу арқылы осы медициналық мекемеге тиесілі 2 миллион 500 мың теңгеден аса немесе 460 мың рубльден аса ақшаны жымқырғаны анықталды", - деді "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және "Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына" келтірілген материалдық залалды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Прокуратурада қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети