26 наурыз 2022 11:02

Байлап, алтын беруін талап еткен. Алматы облысында ер адам оқушыға шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: nizh-gazeta.ru Көрнекі сурет: nizh-gazeta.ru

Алматы облысында таксист мектеп оқушысына шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында таксист мектеп оқушысына шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Талғар ауданында 14 жастағы оқушыға шабуыл жасалғаны анықталды. Күдікті ретінде таксист ұсталды. Ол мұндай әрекетке қаржылық қиындықтар салдарынан барғанын айтты. 

19 наурызда Талғардағы полицейлерге Қарабұлақ ауылындағы жеке үйде шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түсті. Үйде мектеп жасындағы оқушы жүрген. Ер адам оны байлап, пышақпен қоқан-лоқы көрсетіп, ақша мен алтын беруін талап еткен. Шошып қалған бала айғайлай бастаған", - дейді полиция өкілдері. 

Қылмыстық іс барысында істің мән-жайын анықтау үшін ауқымды жұмыс жүргізілген. Нәтижесінде полицейлер күдікті ақ түсті шетелдік көлікпен жүргенін нықтаған. 

"Жүздеген көлікті тексеріп, полицейлер Белбұлақ ауылының 45 жастағы тұрғыны жалдап айдап жүрген "Хюндай акцентті" анықтады. Оның ата-анасының үйін тінту барысында қару арсеналы табылды. Күдікті берген ақпарат бойынша, ол үйге бала ұйықтап жатқанын көріп, аяқ-асты кірген", - деді ведомство өкілдері. 

Ер адам бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған болып шықты. Сонымен қатар, қылмыс жасалған күні көлікте әйелі мен баласы отырған. Әйел адамның қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети