"Байлап, таңға дейін ұрып-соққан". Маңғыстау облысында бопсалау әрекеті әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Байлап, таңға дейін ұрып-соққан". Маңғыстау облысында бопсалау әрекеті әшкере болды © instagram/mangistaupd

Маңғыстау облысында экстремизмге қарсы күрес департаменті қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп ақша бопсалаған деструктив діни ағым өкілдерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында экстремизмге қарсы күрес департаменті қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп ақша бопсалаған деструктив діни ағым өкілдерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұсталғандар қару қолдану арқылы ақша бопсалаумен айналысқан.

"Төрт адамнан құралған топ жәбірленушіден сегіз миллион теңге талап еткен. Ақтаудағы жалдамалы пәтерге апарып, бопсалаушылар оны байлап, таңға дейін ұрып-соғып, азаптау үшін таяқ, пышақ, тапанша қолданған. Бәрі камераға түсірілген. Бұл 13 қыркүйекте сағат 23:30-да болған", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық заттай айғақ тәркіленді. Бұл дерекке қатысты "Бопсалау" және "Заңсыз бас бостандығынан айыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төрт жігіт те псевдосалафит", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети