Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.
"Қылмыстық топтың әр мүшесі белгілі бір жұмыспен айналысқан. Осылайша, Айтымбетов құрылыс компанияларының өкілдерінен ақша алып, кейінірек ол қаражатты Жақыпов пен Сариевке берген. Өз кезегінде қалған екеуі келісімшарттар мен орындалған жұмыстар актісіне қол қойып отырған", - деді ұлттық бюро өкілдері.
Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, қылмыстық топта 13 кәсіпорын болған. Ол құрылыс нысандары Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған қалаларында орналасқан.
17 қарашада 28 миллион теңге пара алып жатқан жерінен Жақыпов, Сариев және Айтымбетов есімді лауазымды тұлғалар ұсталды.
Сонымен қатар, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ бірнеше рет пара бергені үшін Project City Group ЖШС басшылары мен оның құрылтайшылары - Есмұханов Б., Смағұлов Қ., Жұманазар Е. және Комаров А. есімді қызметкерлер ұсталды.
"Сондай-ақ, осы қылмыс бойынша пара алған компанияның бұрынғы басқарушы директоры Анарбай да ұсталды. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды", - деді ұлттық бюро өкілдері.