"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары қамауға алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Астана қаласы бойынша №2 Алматы аудандық сотының шешімімен "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жақыпов А., Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы Айтымбетов Б., компанияның басқарушы директорлары Анарбай Г. мен Сариев Г., "Project City Group" ЖШС басшылығы Смағұлов К., Есмұханов Б., Жұманазар Е. мен Комаров А. есімді тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Бүгінде, тергеу мәліметінше, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды тұлғалары құрылыс компанияларынан пара ретінде 288 миллион теңге алған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 17 қарашада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшыларының ұсталғаны хабарланған болатын. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Сондай-ақ, Мәжілістің бұрынғы спикері Жақыповтың ұлын ұстау сәті түсірілген видео пайда болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro