09 қыркүйек 2014 11:12

Беларусьте кісі өлтірген қазақстандықтар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Беларусьте қатігездікпен кісі өлтірген қазақстандықтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Беларусьте қатігездікпен кісі өлтірген қазақстандықтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласының полиция қызметкерлері айыпталушылардың қатысуымен Беларусь аумағында тергеу әрекеттерін жүргізді. Айыпталушы - Қазақстан азаматтары Минскіде аса қатігездікпен кісі өлтірген. 

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылы 10 желтоқсанда Минскідегі жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен өлтірілген екі ер адамның мәйіті табылған. Қаза болғандардың бірі 1985 жылы туылған Қазақстан азаматы болса, ал екіншісі 1982 жылы туылған Ресей азаматы болып шыққан. Қаскүнемдер оларды аса зұлымдықпен бірнеше рет пышақтап, оларға тиесілі ірі соммадағы ақшаны иеленген. Бұл іске қатысты Беларусь Республикасының Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған.  

Астана қалалық ІІД мен Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің бірлесе әрекет етуінің арқасында адам өліміне қатысы бар күдіктілер Қазақстан территориясында қолға түскен. Олар 29 және 32 жастағы Қазақстан азаматтары болып шыққан. Тергеу кезінде олар өз қылмыстарын мойындап түсінік берген. 

Беларусьте қозғалған қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы Астана қалалық ІІД жіберілген. Енді қалалық ІІД аталған қылмыстық іске қатысты одан әрі тергеу жұмыстарын жүргізетін болады.  

Бұл қылмыстық іске қатысты одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін айыпталушылар Минскіге жеткізілген. Қазіргі таңда бұл қылмыстық іс Астана қаласының прокуратурасына жіберілді. Одан әрі іс сотқа жолданатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети