07 тамыз 2015 | 11:47

Беларусьте полицейге қастандық жасаған қазақстандық ағайындыларға жаза тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Беларусьте 2014 жылы полицейге қастандық жасап, қамаудан қашып кетпек болған ағайынды қазақстандықтарға жаза тағайындалды, - деп хабарлайды 24.KZ.


Иконка комментария блок соц сети

Беларусьте 2014 жылы полицейге қастандық жасап, қамаудан қашып кетпек болған ағайынды қазақстандықтарға жаза тағайындалды, - деп хабарлайды 24.KZ.

Ағайынды Поповтардың ісі жабық түрде қаралды. Олар мына бап бойынша айыпталды: "Қамаудан қашу үшін топ болып алдын ала ойластырылған, адам өмірі мен денсаулығына қауіп әкелетін қастандық". Ағайындылардың үлкені Виталий ішкі істер органы қызметкерін өлтіру үшін қастандық жасағаны үшін айыпталды, ал оның інісі Евгений бұл істе серіктес болған.

Айта кетейік, 2014 жылдың қарашасында ағайындыларды автомобиль алаяқтығын жасағандары үшін айыптаған болатын. Үкім шықпастан бұрын олар әжетханаға баруға сұранады. Оларды бір-бірлеп, қарауыл бөлмесіне апарады. Сол жерде Витвлий Попов темір түтік тауып алып, қарауылды ұра бастайды. Оған көмекке інісі келген. Олар ескерту оғы атылғаннан кейін ғана тоқтады. Дегенмен соққының астында қалған күзетші бассүйек-ми жарақатын алды. Олар камераға қайта апарылды.

Виталий Поповқа 20 жылға, Евгенийге 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ағайындылардың Алматыда туғандары, Қазақстан азаматтары екендері белгілі. Олар уақытша Мәскеуде тұрған.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети