Белгісіз біреулер Маңғыстау облысында тұрғын үйге оқ жаудырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз біреулер Маңғыстау облысында тұрғын үйге оқ жаудырған видеодан үзінді

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылында белгісіз адамдар тобы тұрғын үйге оқ жаудырған, - деп хабарлайды "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы. Телеарна мәліметінше, оқиға 9 мамырда таңғы бес шамасында болған. Белгісіз адамдар тобы қырық жастағы ер адамның үйіне баса көктеп кіруді көздеген. Үйге кіре алмағаннан кейін, олар терезелерге оқ атқан. Оқ атылған кезде үйде жүкті әйел мен балалар болған. 

Куәгерлердің айтуынша, ызалы топ алкогольдік ішімдікке мас болған. Үйге кіре алмаған олар, тоқтаусыз оқ атқан. Оқиға орнында қылмыскерлер ұялы телефон қалдырып кеткен. Үй иесі Қарақиян АІІБ-не барып арыз берген, бірақ қылмыскерлерді ұстамаған. 

"Менің күйеуім айғайлай бастады, ол үйде жүкті әйел мен балалар барын айтты. Олардың үйге кірмесі үшін барлық амалды жасады. Бірақ олар оны тыңдамай, терезеден көздеп оқ атты. Құдай сақтап менің күйеуіме оқ тиген жоқ. Міне оқ іздері", - дейді Сандуғаш Нилгалиева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети