Қазақстанның белгілі белсендісі, ОСА мүшесі Руслан Жанпейісов Түркістанда жол полицейлерінің бірқатар заңбұзушылықтарын видеоға түсірді. Бұл видеоны ол YouTube желісіндегі арнасында жариялады.
Қазақстанның белгілі белсендісі, ОСА мүшесі Руслан Жанпейісов Түркістанда жол полицейлерінің бірқатар заңбұзушылықтарын видеоға түсірді. Бұл видеоны ол YouTube желісіндегі арнасында жариялады.
"Түркістанға 5 қазанда барған кезім. Полиция қызметкерлері бұрылыста тығылып, ведомствоның бір ғана бұйрығын емес, ҚР жол қозғалысы ережесін "су" үшін бұзып тұрған, олар ескертуін алып, оқиға орнынан кетіп қалды. Қала көшелеріндегі серуен полиция қызметкерлерінің түнгі уақыттағы қызметінің дайындығын көрсетіп берді. Жарыққа шағылысатын жилет, видео-жетон, алдыңғы терезесі сынғаны үшін пайдалануға рұқсат етілмеген қызметтік көлік. Әуелде бұл терезе таяуда ғана сынды деген полицей оның сынығының желімделгенін ескермеді", - деп жазған Жанпейісов видеоның сипаттамасында. Сонымен қатар, белсенді қызметтік көлігін такси ретінде пайдаланды делінген тағы бір полицейдің ісін әшкере етті. Қызметтік көлікте бөтен адам отырған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері видеоға қатысты түсінікті таяуда беруге уәде етті.