Белгісіз біреу Орал қаласының орталығында әйел адамға оқ атты, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Белгісіз біреу Орал қаласының орталығында әйел адамға оқ атты, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Дереккөздің мәліметі бойынша, оқтың дауысын "СтройМарт" дүкеніне қарсы Құрманғазы көшесінің тұрғындары шамамен cағат 14.30-да естіген. "Тарс еткен дыбыс естілді, бірақ қатты емес. Біз дәл ненің дыбысы екенін сол күйі түсінбедік", - дейді үйдің тұрғындары.
Содан кейін тұрғын үйдің алаңына полиция мен прокуратура қызметкерлері келіп, бұта мен шөптің арасынан әлденені іздеген, жоба бойынша оқтың қауызы болуы мүмкін. Бірақ, полиция қызметкерлері бұл жағдай туралы түсініктеме бермеді.
Одан бөлек, дереккөздің ақпаратына қарағанда, облыстық клиникалық емханаға шамамен осы уақыттарда әйел жеткізіліп, дәрігерлер оған оқтан жараланған деген диагноз қойған. Зардап шегушінің жарақаты жеңіл болған, сондықтанда бірінші медициналық көмектен кейін әйелді үйіне жіберген.