Белгісіз біреулер шымкенттік мұғалімнің атынан 4 несие алған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: Әлихан Сариев Көрнекі сурет: Әлихан Сариев

Белгісіз біреулер Шымкентте тұратын мұғалімнің атынан төрт несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреулер Шымкентте тұратын мұғалімнің атынан төрт несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттік мұғалім редакциямыздың WhatsАpp нөміріне 18 қаңтарда белгісіз біреулер Қостанайда микроқаржы ұйымынан оның атынан төрт несие рәсімдеп, Алматыда ақшаны қолма-қол шығарып алғанын айтып шағымданды.

"Мен өмірімде бір рет те бұл қалаларға барған емеспін. Мен қайта қаржыландыру жасауды жоспарлап, Шымкенттегі ХҚКО-ға бардым және бірінші кредиттік бюро арқылы 135 мың теңгенің төрт қарызы барын білдім. Мен мектепте жұмыс істеймін, интернетте отыруға және алаяқтық схемаларға түсуге уақытым жоқ. 18-і күні мен жұмыста болдым. Мен жеке куәлігімді, ЖСН-ді ешкімге қалдырмадым", - дейді шымкенттік мұғалім.

Ер адам полицияға және прокуратураға шағым жазған, бірақ әзірше алаяқтар табылмапты.

"17 ақпан төлемнің соңғы күні болған, бірақ мені ешкім шақырмады, несие ұйымынан төлем қажеттілігі туралы хабарлама келмеді. Демек, менің ойымша, олар үшінші тараптың мобильді нөмірімен рәсімдеген. Мен өзім хабарласуға тырыстым, олардың 20-дан аса филиалы бар. Екеуіне қоңырау шалдым, бірақ нөмірі өшірулі", - деді ол.

Шымкент қаласының полиция департаментіндегілер бұл іс бақылауға алынғанын айтты.

"Шымкент қаласының тұрғыны 2021 жылдың 18 қаңтарында белгісіз тұлға алаяқтық жолмен оның атынан 135 000 теңге төрт шағын несие рәсімдегенін айтып, арыз жазды. Бұл дерек бойынша әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі және криминалдық полиция бөліміне тапсырма берілді. Қазір тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro