Алматыда белсенді Әсия Төлесоваға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының төрағасы Тәкен Шәкіров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда белсенді Әсия Төлесоваға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының төрағасы Тәкен Шәкіров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот Әсия Төлесованы кінәлі деп тауып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеді. Осы уақыт аралығында ол пробациялық бақылауда болады.
Сонымен қатар, Тәкен Шәкіров Төлесова 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін атап өтті.
"6 тамызда Төлесованың рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны белгілі болды. Осы уақытта полиция қызметкерлері өз міндетін атқарып, адамдардың жиналуына жол бермеді. Төлесова учаскелік полиция қызметкерінің көмекшісіне агрессия көрсетіп, оның басы мен оң жақ иығынан соққан. Ал екінші полицейдің бас киіміне қолын тигізіп, үшінші қызметкердің оң жақ иығынан және артынан ұрған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Прокурор белсендіні 1 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Қорғаушы тарап бас бостандығын шектемеуді сұрады. Жазаны тағайындау барысында мен Төлесованың бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырғанын, зардап шегушінің алдында кешірім сұрағанын, жазаны ауырлататын жағдайлар болмағанын ескеріп, тиіс шешім шығардым", - дейді судья.
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Еске салайық, алматылық белсенді Әсия Төлесова 8 маусымда қамауға алынған еді. Тергеушілер Төлесова заңсыз наразылық шарасына қатысып, оны полиция қызметкеріне қарсы күш қолданды деп айыптаған болатын. Бұл факті бойынша "Билік өкіліне тіл тигізу" және "Билік өкіліне қарсы күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!