Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы ұсталды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы ұсталды - БАҚ Бергей Рысқалиев. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы Рүстем Альбақасов Швейцарияда ұсталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті өзінің жеке дерек көзіне сүйене отырып мәлім етті. Дерек көзінің мәліметіне қарағанда, Атырау облысының экс-әкімінің күйеу баласын сәуір айында полиция қолға түсірген" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICE" ЖШС директоры Альбақасов аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен айыпталған қайын ағасына қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты іздеуде жүрген. Тергеу деректеріне қарағанда, Бергей Рысқалиев облыс әкімдігімен бірге қылмыстық топты да басқарған. 2012 жылдың 18 қазанында Альбақасовқа қатысты мемлекеттік қажеттілік бойынша жер телімін сатып алуға бөлінген 343 миллион теңге қыржыны жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Естеріңізге салсақ, 23 қаңтарда Атырауда облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты әйгілі сот процесі басталды. Осы іске қатысты экс-шенеуніктер мен кәсіпкерлер, жалпы саны 22 адам сотқа тартылған. Бергей Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан іздеуде жүр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети