Бес жыл іздеуде болған ер адам Қарағанды облысында ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес жыл іздеуде болған ер адам Қарағанды облысында ұсталды

Алматы облысының жедел уәкілдері кісі өлтіргені үшін бес жылдан аса уақыт тергеуден жасырынып жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының жедел уәкілдері кісі өлтіргені үшін бес жылдан аса уақыт тергеуден жасырынып жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны Қарағанды облысынан ұстады. 2015 жылдың наурыз айында Қараой ауылдық округінің ауруханасынан Балқаш АПБ-нің кезекші бөліміне 44 жастағы Қараой ауылы тұрғынының бірнеше дене жарақатымен жеткізілгені және оның өлімі туралы ақпарат келіп түскен.

Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қайтыс болған адамның өз үйінен ауруханаға жеткізілгені анықталды. Оның баспанасындағы жағдай мұнда алкогольдік ішімдігі бар мереке болғандығын куәландырған.

"Тергеу барысында жедел уәкілдер қайтыс болған адамның қонағы, 44 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Кейіннен оның жауапкершіліктен қашып,  жалған жауап бергені белгілі болды. Полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізгенше, күдікті ізін суытып үлгерген.

Бірқатар сараптама жүргізілгеннен және қашқынға қатысты негізді дәлелдерден кейін сот күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Сол жылдың 7 маусымында күдіктіге іздеу жарияланды. Бес жылдан астам уақыт бойы ол тергеуден мұқият жасырынған. Ал 2020 жылдың 23 маусымында жедел хабардан соң Қарағанды облысына жеткен Алматы облысының полицейлері Қарағанды облысының Ақтоғай ауданынан іздеуде жүрген адамды ұстады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети