17 желтоқсан 2021 08:47

"Бес миллиард шығын". ҰҚК Қызылорда облысында арнайы операция өткізді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қызылорда облысында ҰҚК өңірлік департаменті қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізу дерегіне қатысы бар қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтауға арналған арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 желтоқсанда дериваттардың ірі партиясына қатысты әрекет кезінде қылмыстық схема ұйымдастырған жергілікті екі тұрғын ұсталды. Жалпы салмағы 500 келі 2347 киік мүйізі тәркіленді. Браконьерлер 1174 киік өлтірген. Нәтижесінде, мемлекетке 5 миллиард теңге залал келтірген. Осы қылмыс салдарынан Қазақстандағы киік тұқымына айтарлықтай зиян келді. Ұсталған адамдарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша заңсыз әрекетке өзге де қатысушыларды анықтау, айыпталушыларда киік мүйіздерінің қосымша партиялары бар ма деген сұрақ бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети