Бесікке бір жыл бойы таңылған баланың ісі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Қылмыстық іс "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша қозғалды, - деп хабарлайды "Лада". Әзірше Ақнұрдың әкесі мен хабар-ошарсыз еткен анасының қайсысының жауапкершілікке тартылатыны белгісіз.
Бесікке бір жыл бойы таңылған баланың ісі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Қылмыстық іс "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша қозғалды, - деп хабарлайды "Лада". Әзірше Ақнұрдың әкесі мен хабар-ошарсыз еткен анасының қайсысының жауапкершілікке тартылатыны белгісіз.
Қылмыстық істі тергеу аяқталғаннан кейін ол "Балалар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабына ауыстырылуы мүмкін, бұл мейлінше ауыр бап саналады, ол 5000 АЕК көлемінде айыппұл салу, екі жылға түзеу жұмыстарына салу немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
"Әзірше қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысында кінәлілер анықталады. Ұл баланы бағып отырған ер адамның әкелігін анықтау үшін генетикалық сараптама белгіленді", - дейді Мұнайлы ауданы прокурорының орынбасары Жамбыл Баятар. Оның айтуынша, іс материалдарына баланың денсаулығына қатысты мәліметтер қосылды. "Содан кейін ұл баланың денсаулығына қандай нұқсан келтірілгені түсінікті болады", - дейді Баятар.
Ол баланың анасының әлі табылмай жатқанын айтты. Қазіргі уақытта оны ата-аналық құқығынан айыруға материалдар әзірленіп жатыр. "Отбасында Ақнұрдан бөлек, екі жасөспірім қыз бала тәрбиеленіп жатыр. Біз уәкілетті органға қыздың физикалық және психикалық денсаулығын тексеру жөнінде ұсыныс келтірдік. Егер тексеру нәтижесінде оларға тиісті деңгейде күтім жасалмайтыны анықталса, балалардың келешек тағдырына қатысты мәселе көтеріледі", - деді Баятар.
Бұған дейін Ақтауда бір жасар сәбидің бір жылға жуық уақыт бойы бесікке таңылғаннан кейін ауруханаға түскені хабарланған болатын. Дәрігерлер оның бұлшықеттері қисық біте бастағанын, басы мен бетінде қанды ісік барын, құйрығының іріңдегенін анықтады. Полиция әуеліде баланың ата-анасының әрекетінен қылмыс құрамын таппады, дегенмен баланың әкесі "Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.