Бетонмен құйып тастаған: Теміртаудың екі тұрғыны адам өлтіргені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бетонмен құйып тастаған: Теміртаудың екі тұрғыны адам өлтіргені үшін сотталды Иллюстрациялық сурет: orinfo.ru

Қарағандыда 29 жастағы ер адамды өлтіргендер сотталды. Оның денесі Теміртаудағы үйлердің бірінен бетонға құйып тасталған күйде табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 29 жастағы ер адамды өлтіргендер сотталды. Оның денесі Теміртаудағы үйлердің бірінен бетонға құйып тасталған күйде табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тергеу мәліметінше, Теміртаудың екі тұрғыны таныстары Алексей Рукольді пышақтап өлтіріп, есебінде ірі көлемде қаржы бар карточкасын алған. Ал оның денесін қаладағы үйлердің бірінің жертөлесіне тастап, бетондап тастаған. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Қасымов күдіктілердің біріне 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал оның сыбайласы 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейді. 

"Зардап шеккен тараптың пайдасына сотталғандардан 1 миллион 95 мың теңге материалдық шығын өндірілсін", - дейді судья Қасымов. 

Еске салайық, 1989 жылы туған Алексей Руколь екі айдай уақыт жоғалып кеткен болып есептелді. Туыстарының сөзінше, ол 30 желтоқсанда үйден шығып кеткен. 1 қаңтар таңғы 7-де ол Теміртаудан Қарағандыға аттанған. Осыдан кейін ол туралы еш хабар болған жоқ. 

Оның денесі 28 ақпанда ғана табылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети