Алматыда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде 32 мыңнан астам бейнебақылау камерасы пайдаланылып отыр, 1700-ден астам көпқабатты үйдің ауласында бейнекамералар бар. Бұл қондырғылардың арқасында өткен жылы 51 қылмыс ашылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бейнебақылау жүйелерінің дамуы - заңбұзушылықтың алдын алудың тиімді әдісі. Қысқа мерзім ішінде "Қауіпсіз аула" жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Бейнеқадағалау жүйесі орнатылған тұрғын үйлерде қылмыстар мен заңбұзушылықтар аз тіркелді. Қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруде барлығы 32 мыңнан астам бейнебақылау камерасының мүмкіндігі пайдаланылып отыр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл бағыттағы жұмыс Алматы әкімінің тапсырмасымен бірнеше кезең бойынша іске асырылып жатыр. Учаскелік инспекторлар меншіктің түрлі формасы нысандарына бейнекамералар орнатудың тиімділігін насихаттаған алғашқы жартыжылдықта-ақ бейнебақылауға алынған көпқабатты үй аулаларының қатары көбейді. "Арнайы талдау камералардың көмегімен 2014 жылы 51 қылмыс ашылып, 32 356 заңбұзушылықтың анықталғанын көрсетті", - деп хабарлады қалалық полиция.
Бұған қоса, меншіктің түрлі формасына тиесілі 8 мың нысанға бейнебақылау жүйесі орнатылған. Олардың жартысында 20 мыңнан астам камера жұмыс істеп тұр. Нысандардағы бейнекамералардың саны туралы ақпарат базасы жасалып, толықтырылып отырады.