Білім және ғылым министрлігіне қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігіне қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалды ©Тengrinews.kz

Қаржы полициясы Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы полициясы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған және Шымкент қалаларында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бөлінген 59 миллион теңгені ұрлау бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 

"1-2 сәуірде білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалды. Оған сәйкес, министрлік қызметкерлері Қарағанды және Қызылорда қалаларында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға арналған 17 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын талан-таражға салды. Осылайша, республикалық бюджетке келген жалпы шығынның соммасы 76 миллион теңгеге жетті", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 2013 жылдың мамыр айында ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Саят Шаяхметов тұтқындалған болатын. Ал қыркүйек айында министрліктің басшысы ауысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети