ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2024 | 17:11
Бишімбаев ісіндегі жаңа мәлімет: "Қинау" қылмыстық бабы не туралы?
17 қаңтарда Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистерге экс-министр Бишімбаевқа тағы бір бап - "Қинау" бойынша айып тағылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтарда Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистерге экс-министр Бишімбаевқа тағы бір бап - "Қинау" бойынша айып тағылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істің жаңа мәліметтері белгілі болды: құқық қорғау органдары экс-министрге "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бабы бойынша ғана емес, ҚР ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі "Қинау" бойынша айып тағып отыр.
"Қинау" - Қылмыстық кодекс тілімен айтқанда
Қылмыстық кодекске сәйкес, Бишімбаев мына тармақтардың бірі бойынша күдікке ілінген:
- 1-тармақ: көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты;
- 2-тармақ: екi немесе одан да көп адамға қатысты;
- 3-тармақ: кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;
- 4-тармақ: алып тасталған;
- 5-тармақ: жалдау бойынша;
- 6-тармақ: әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет.
Бұл бап бойынша, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Айта кетейік, кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Қинау") бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Бишімбаевқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру") бойынша қаралған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также