Бишімбаев ісіндегі жаңа мәлімет: "Қинау" қылмыстық бабы не туралы?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев ісіндегі жаңа мәлімет: "Қинау" қылмыстық бабы не туралы? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

17 қаңтарда Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистерге экс-министр Бишімбаевқа тағы бір бап - "Қинау" бойынша айып тағылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


17 қаңтарда Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистерге экс-министр Бишімбаевқа тағы бір бап - "Қинау" бойынша айып тағылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істің жаңа мәліметтері белгілі болды: құқық қорғау органдары экс-министрге "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бабы бойынша ғана емес, ҚР ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі "Қинау" бойынша айып тағып отыр.

"Қинау" - Қылмыстық кодекс тілімен айтқанда

Қылмыстық кодекске сәйкес, Бишімбаев мына тармақтардың бірі бойынша күдікке ілінген:

  • 1-тармақ: көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты;
  • 2-тармақ: екi немесе одан да көп адамға қатысты;
  • 3-тармақ: кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;
  • 4-тармақ: алып тасталған;
  • 5-тармақ: жалдау бойынша;
  • 6-тармақ: әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет.

Бұл бап бойынша, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Айта кетейік, кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Қинау") бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Бишімбаевқа қатысты іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру") бойынша қаралған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.23   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +21
Ақтау +23
Ақтөбе +22
Атырау +23
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +21
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +23
Түркістан +16
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер