Бюджетке қыруар шығын келтірген қылмыскер Әзірбайжанда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бюджетке қыруар шығын келтірген қылмыскер Әзірбайжанда ұсталды Фото news.ykt.ru сайтынан

Қазақстанның бюджетіне қыруар шығын келтірген қылмыскер Әзірбайжанда ұсталды. Бүгін қаржы полициясы мен прокуратура қызметкерлері оны "Баку - Астана" әуе рейсімен Астанаға алып келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен жылы Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясының департаменті жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін Мәди Раимов есімді азаматқа мемлекетаралық іздеуге жарияланған болатын. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол үш адаммен алдын-ала келісіп, 2010-2012 жылдар аралығында төрт жалған кәсіпорын құру арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен. Содан бюджетке салық түрінде түспеген қаржының көлемі 2,5 млрд.теңгені құрады. 2013 жылы қарашаның 5-сі күні М.Раимов Әзірбайжанның Газах ауданында ұсталған болатын. Дәл қазір қалмыскер Астана қаласы ішкі істер департаментінің тергеу абақтысына тоғытылды. Жақын арада ол Ақтөбе қаласына ауыстырылатын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети