Биыл Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан 350-ге жуық адам ұсталған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан 350-ге жуық адам ұсталған © Tengrinews.kz

Алматыда 2018 жылы көлік айналарын ұрлаған 344 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2018 жылы көлік айналарын ұрлаған 344 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2018 жылы11 ай бойы жүргізілген шаралардың нәтижесі бойынша өзгенің мүлкін ұрлау дерегі 2,9 пайызға азайды. Жалпы ұрлық жасаған 6213 адам ұсталды. 104 қылмыстық топтың қитұрқы әрекеті ашылды, олардың 24-і пәтер тонаушы топ, 28-і автокөлік бөлшектерін ұрлағандар және қалған 46 топ басқа да ұрлық түрімен айналысқан", - дейді криминал полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақовтың баспасөз қызметі өкілдері. 

Ақпараттар бойынша, полицейлер кеше күндіз тағы бір автобөлшектер ұрлығымен айналысатын адамды ұстады. 37 жастағы ер адам Алғабас ықшамауданында Nissan Cefiro маркалы көліктің айнасын ұрламақшы болған. Ол қылмыс үстінде ұсталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети