Бизнесмен Каркуланы өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бизнесмен Каркуланы өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды Виталий Каркула. Фото mgorod.kz сайтынан алынды

Бизнесмен В.Каркуланы өлтірді деген күдікпен оралдық тәртіп сақшылары екі адамды ұстады деп жазады "Уральская Неделя" газеті. Отандық БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда, олар қамауға алынған, алайда әзірге айып тағылған жоқ. Күдікті екеу кеше, яғни 2014 жылдың 6 ақпанында Зеленов ауданы, Калинин ауылында қолға түскенге ұқсайды. Әзірге полиция қызметкерлері тергеу құпиясына байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда күдіктілердің ұсталғанын жергілікті прокуратура жасырмады. Қазіргі кезде уақытша қамауға алынған олар Орал ІІБ-сының тергеу изоляторында отырған көрінеді. Сенімді ақпарат көздері таратқан мәліметке қарағанда, ол екеуі де Переметное елдімекенінің тұрғындары болса керек. Естеріңізде болса, кәсіпкер Виталий Каркуланы қаңтардың орта шенінде белгісіз біреулер атып өлтірген болатын. Қарақшылар марқұмның әйелі Валентина Каркуланы да ұрып-соғып, ол ауыр жарақаттанып, ауруханға түскен. Қазір оның жағдайы жақсы. Ал ішкі істер органдары осы оқиғаға байланысты ақпарат берген адамдарға ірі көлемде сыйақы тағайындалғанын жариялаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети